Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және мектеп қауымдастығы!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ел тыныштығы мен бейбіт өмірімізді күзеткен ер азаматтарымыздың ерлігіне тағзым етіп, қадір-қасиетін ардақтайтын маңызды күн.
Отан қорғау – ұлы парыз, асқақ абырой. Елін, жерін шексіз сүйетін, қажет болса қорғай алатын жас ұрпақты тәрбиелеу – біздің ортақ міндетіміз. Осы жолда мектептегі білім мен тәрбие – болашақ батырлардың рухани негізі.
Барша ер азаматтарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, ел қызметінде табыс тілеймін! Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгі желбірей берсін!
Игі тілекпен: №5 мектеп -лицей директоры Ә.П.Әбдіғапарова

