Skip to content

«Физика – болашақ мамандықтар кілті» 10 “Б” сыныбында қызықты әрі…

«Физика – болашақ мамандықтар кілті»
10 “Б” сыныбында қызықты әрі танымдық іс-шара өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, инженер, дәрігер, энергетик, IT маманы сияқты болашақ мамандықтарды физикамен байланыстыра отырып, өз білімдері мен шығармашылықтарын көрсетті.

👥 Шараға арнайы қонақ ретінде 5 “Б” сыныбы көрермен болып қатысып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Жас көрермендердің әр дұрыс жауабы үлкен сыныптардың командаларына қосымша ұпай әкеліп, сайыстың қызуын арттырды.

🎯 Іс-шараның мақсаты:
– Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
– Физиканың түрлі мамандықтармен байланысын көрсету;
– Болашақ мамандық таңдауда бағыт беру;
– Логикалық ойлау, топта жұмыс жасау және сөйлеу дағдыларын дамыту.

👏 Белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз!
Өткізген физика пәні мұғалімі:Г.Қ. Қадырбек.
Іс-шараға қатысқан мұғалім:Д.Қ. Шайнова

#Физика #МамандықТаңдау #СыныптанТысШара #10Бсыныбы #БолашақКілті #МектепӨмірі #ҚызықтыФизика

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *