📚 2025 жылдың 13 қараша күні Шалқар аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес #5 мектеп-лицейінің “Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың орындалуы” зерделенді.
Шалқар аудандық білім бөлімінің бас маманы – Ж.Ә.Бекетова, әдіскер – Г.Б.Елғондина мектептің жалпы тынысымен танысуда сыныптарды аралады. Бақылау барысында мектептің ішкі-сыртқы жағдайы, оқушылардың сабаққа қатысымы, ыстық тамақпен қамтылуы, кітаптардың жеткілікті болуы, негізгі құжаттар, электрондық журналдың толтырылуы, оқу-әдістемелік жұмыстар тексерілді.
Сонымен қатар оқу үлгерімі төмен білім алушылармен атқарылған жұмыстардың қорытындысына назар аударылды.
