АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «МЕКТЕБІМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!» ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
Жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар арасында «Мектебім – менің мақтанышым!» облыстық бейнероликтер байқауы өтеді.
Байқаудың негізгі мақсаты – өңірдегі білім беру ұйымдарының жетістіктерін кеңінен насихаттау, оқушылар мен педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және заманауи мектептің оң имиджін қалыптастыру.
Байқау ресми түрде 2025 жылғы 20 қарашада басталып, қатысушылардың бейнероликтері «Ақтөбе облысының білім басқармасы» YouTube-арнасында жарияланатын болады.
Аталған байқауға меншік нысаны әртүрлі облыстағы барлық мектептер, лицейлер мен гимназиялар қатыса алады. Әр білім беру ұйымы бір ғана бейнеролик ұсынуы тиіс.

