Skip to content

2025 жылдың 10-14.11 аралығында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен…

2025 жылдың 10-14.11 аралығында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен логопедиялық түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді📓✅.
Аптаның негізгі бағыты – тыныс алу бұлшықеттерін дамыту, сөйлеу мүшелерінің қимылын үйлестіру және дыбыс шығару процесін жақсарту болды.
Сабақ барысында балалармен келесі тыныс алу жаттығулары орындалды:
✨Шамды үрлеп өшіру – ұзақ әрі біркелкі тыныс шығару дағдысын қалыптастыруға бағытталды.
✨ Түтікше арқылы үрлеп дыбыс шығару – тыныс күшін бақылау, сөйлеу кезінде ауа ағынын реттеуді дамытуға көмектесті.
✨ Айналмалы ойыншықты (вертушка) үрлеу – тыныстың тұрақтылығын арттырып, ерін мен жақ бұлшықеттерін белсендіруге ықпал етті.
Әр жаттығу баланың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, бейімделген түрде жүргізілді. Сабақ соңында балалар тыныс алу әрекеттерін еркін орындап, дыбысты тұрақты шығаруға талпыныс көрсетті.
🔹 Бұл жаттығулар сөйлеу аппаратының дұрыс жұмысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
🔹 Тыныс алуды басқару – анық, таза және түсінікті сөйлеудің негізгі негіздерінің бірі.
Қатысқан оқушылар саны – 7
Жауапты: логопед Ж.Ж.Нағашыбай

@oqu_agartu_ministrligi
@birtutas_tarbie2024
@erlankalmakov
@anar_tanirbergenova18
@abishevtoleu
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
@adal_azamat_aqtobe
#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *