Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Піралина Гүлжанат Жәрдембергенқызы 01-02 қараша күндері өткен «Дарындылық 2.0: мұғалім тәжірибесі мен жасанды интеллект мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан болатын. Аталмыш шара барысында әріптесіміз спикер ретінде инновациялық тәжірибесімен бөлісіп, «Дарындылық 2.0» концепциясына толық сай келетін инновациялық әдісті ұсынды. Бұл әдіс дарынды оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін Карл Поппер форматындағы цифрлық дебаттарды ЖИ құралдарымен біріктіруге негізделген.
Мұғалімнің тәжірибесі Оралхан Бөкейдің «Атау кере» повесі негізінде оқушылардың аргумент құрау сапасын арттырудың тиімді жолдарын көрсетті.
«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы» мен «Халықаралық Педагогика Академиясы» халықаралық қоры бірлесе өткізген конференция қатысушыларының пікірінше, Г.Ж.Піралинаның ұсынған әдісі – гуманитарлық білім берудегі жасанды интеллект платформаларын тиімді қолданудың жарқын үлгісі.
Әріптесімізді табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және алдағы ғылыми-педагогикалық ізденістеріне сәттілік тілейміз!
#МұғалімМақтанышы #Дарындылық2_0 #ХалықаралықКонференция #ЖасандыИнтеллект #ЖИ #ЦифрлықДебат #СыниОйлау #ҚазақӘдебиеті #Шалқар #АқтөбеБілім

