№5 мектеп-лицейінде 2025 жылдың 12-16 мамыр күндері аралығында Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жоспарына сәйкес 10-сыныптар үшін «Бес күндік далалық оқу-жаттығуы» бастау алды.
Жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, ел үшін аянбай қызмет етуге баулиды.
Бес күндік далалық оқу-жаттығу бағдарламасына сәйкес ер балаларды арнайы қауіпсіздік ережесімен таныстырып, алдағы уақытта өтетін практикалық әскери дайындық дәрістерімен таныстырды. Өткізген пән мұғалімі: М.С.Нұрпейісов, дене шынықтыру пәні мұғалімдері: Қ.Т.Зинешов, Н.М.Зинельабдин.
