*#5 мектеп-лицейі*
Бастауыш әдістемелік бірлестігінде зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша отырыс өткізілді.
Отырыста директордың бастауыш оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж.Дәрменқұлова зерделеу тобының ұсыныстары негізінде келесі мәселелерді
атап өтті:
🔹 Оқу құжаттарының (білімкласс журналы, БЖБ, ТЖБ) дұрыс толтырылуы;
🔹 Сабақтардың жүйелі жоспарлануы мен жоғары деңгейде өткізілуі;
🔹 Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жандандыру;
🔹 Пән мұғалімдерінің тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану деңгейі;
🔹 Бастауыш буында оқу сапасын арттыру жолдары.
Мұғалімдерге нақты ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта оқу үдерісінің сапасын арттыру бағытында жұмыстар жоспарланды.
Қатысқан мұғалім саны: 23



