29 сәуір күні «Ұлттық тәрбие – ұлттық рух негізі» атты облыстық семинар аясында «Бұл палата жасанды интеллекттің дамуы пайдасына қарағанда зияны көбірек деп есептейді» қарарында пікірсайыс турнирі өткізілді. Дебат ойынына ауданымыздың үш мектебінің оқушылары қатысты. Пікірталас британдық парламенттік форматта өтіп, “Лицей” дебат клубы атынан 9-сынып оқушылары Байжұлдызов Шәкір мен Мырзағалиев Нұрбақыт және 8-сынып оқушысы Абдулла Гүлденай сөз жарысына түсті. Байжұлдызов Шәкір мен Мырзағалиев Нұрбақыт “Ашушы Оппозиция” фракциясы болса, Абдулла Гүлденай “Жабушы Үкімет”-тің бірінші спикері болды. Дебат барысында Байжұлдызов Шәкір бастаған оппозиция фракциясы ашушы үкіметке ребатл жасап, өз аргументтерін ұсынуға тырысты. Ал, Абдулла Гүлденайдың жабушы үкімет тобы ашушы үкіметтің құрған алаңын одан әрі нығайтуға ат салысты. Пікірсайыс өте тартысты өтіп, семинарға жиналған қонақтардан оң деген баға алды. Нәтижесінде “Лицей” дебат клубының мүшелері жүлделі үшінші орынды иеленді және Байжұлдызов Шәкір ойынның үздік спикерлерінің бірі атанды. Дебат жетекшісі: А.Ж.Нұрланова #Ұшқыройалаңы

