24.04.25 күні #5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында “Жасанды интеллекті мен цифрлық платформаларды тиімді қолдану” тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда бастауыш сынып мұғалімі Атраубаева Б.К #8 ЖОББМ” КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айназарова Гүлзира Данағұлқызының жетекшілігімен “ Белсенді әдіс-тәсілдер негізінде оқу мен оқыту үдерісін жетілдіру” аудандық шығармашылық шеберханасының отырысында көрсетілген әдістермен тәжірибе бөлісті. Шеберхана отырысында таныстырылған бірқатар цифрлық платформаларды өз әріптестеріне түсіндіре отырып, практикалық жұмыстар жүргізді. Семинарға директордың бастауыштың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәрменқұлова Л.Ж, мектеп психологі Кәрібай Г қатысты.
Қатысқан мұғалім саны: 15
Өткізген: Атраубаева Б.К
