23-25.04.2025 жылы Алматы қаласында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен “Кәсіби диалог: Lesson study оқуды қалай өзгертеді?” тақырыбында педагогтер, зерттеу қызметінің саласындағы сарапшылар арасында тиімді платформа құру, оқыту сапасын арттыруға бағытталған үздік білім беру тәжірибесін ұсыну және тарату мақсатында ұлттық конференция өтті. Конференция аясында қазақстандық және халықаралық сарапшылар баяндамасы, симпозиумдар, шебер сабақтар, панельдік пікірталас, постер көрмесі мен зерттеу сабақтары өтті. Конференцияға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Боқаева Гүлжан Мұхамбетқызы,Аетова Гүлжахан Еділбайқызы,орыс тілі пәні мұғалімі Спаганбетова Гулбану Зуфаровна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ермагамбетова Айгерім Сапарбекқызы қатысып, зерттеу сабақтары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
#shalkarbilim
