Skip to content

2025 жылы 11 қараша күні ЕББҚ оқушыларымен байланыстырып сөйлеуді дамытуға…

2025 жылы 11 қараша күні ЕББҚ оқушыларымен байланыстырып сөйлеуді дамытуға арналған “Ертегілер еліне саяхат” атты шығармашылық сабақ өткізілді.
Мақсаты:
* Балаларды ертегілердің сиқырлы әлеміне енгізу арқылы олардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту;
* ⁠Оқиғаны ретімен баяндап, кейіпкерлердің әрекетін түсіндіруге үйрету;
* ⁠Рөлдік ойындар арқылы сөйлеуге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ балаларға өте жақсы әсер етті. Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп ойнау олардың қызығушылығын оятып, сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік берді. Балалар өздерін еркін ұстап, сөйлем құрауға, ойын ашық жеткізуге тырысты. Бірге әрекет ету барысында ұйымшылдық, бір-біріне көмектесу дағдылары байқалды. Кейіпкерлердің дауысын салып, қимылын көрсеткен кезде балалардың эмоциялық көңіл-күйі көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артты. Сонымен қатар, сөйлеу белсенділігі мен сөздік қорының кеңейгені байқалды.
Қатысқан оқушылар саны: 10
Өткізген: логопед Ж.Ж.Нағашыбай

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *