2025 жылдың сәуір күні №5 мектеп-лицейі базасында “1 мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күні”, “7 мамыр – Отан қорғаушылар” күні мерекесі құрметіне орай Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында білім беру мекемелері қызметкерлері арасында футболдан ашық біріншілік өтті. Шаршы алаңда ширақ ойын өрнегін көрсеткен командаларға “Аманат” партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Қ.Жұмағұлова, кеңесшісі А.Н.Мұрсалов арнайы Алғыс хат және естелік сыйлықтар табыстады.
Тартысқа толы дүбірлі дода нәтижесінде жеңімпаз атанған командалар:
І орын – №1 Аула клубы спорт мектебі командасы
ІІ орын- №2 мектеп-гимназия командасы
ІІІ орын – №8 ЖОББМ командасы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Жеңіс тұғырынан көрінген командаларды құттықтаймыз!








