2025 жылдың 8 – 12 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» апталық жоспары аясында «Бірге оқимыз» – отбасылық кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. «Бірге оқимыз» отбасылық кітап оқу челленджі – ата – ана мен баланың бірлесе отырып кітап оқуға, оны талқылауға бағытталған отбасылық мәдени – танымдық іс – шара. Челлендж барысында әр отбасы белгілі бір уақыт аралығында балаларға қызықты және тәрбиелік мәні зор әдеби шығармаларды таңдап оқыды. Оқудан кейін отбасы мүшелері бір – бірімен әсерін бөлісіп, негізгі ойды талқылады. Шараның нәтижесінде оқырмандық қызығушылық артып, ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас нығая түсті. Бұл іс – шара кітап оқуды насихаттап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, отбасылық дәстүрді қалыптастыруға ықпал етеді.
«Бірге оқимыз» – отбасылық кітап оқу челленджіне қатысушылар:
- 2 «В» сынып оқушысы Мұратбек Мадияр Дарханұлы
- 1 «Г» сынып оқушысы Түгелбай Исмаил Мағжанұлы

