Skip to content

2025 жылдың 6 мамыр күні №5 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасын”…

2025 жылдың 6 мамыр күні №5 мектеп-лицейінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" жүзеге асыруда «Үздік сынып жетекші байқауы-2025» байқауының ашылу рәсімі өтті. Байқаудың мақсаты: сынып жетекшілер арасында озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату.
Міндеттері:
– шығармашылық жұмыс істейтін сынып жетекшілерін қолдау, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының деңгейін арттыру;
– сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмысының тәжірибесінде педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту бойынша инновациялық идеяларды іздеу;
– сынып жетекшісінің мәртебесін арттыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде негізгі мәселелерге назар аудару.
Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ж.К.Нурмашева дәстүрлі сайыста бақ сынайтын қатысушыларға сәттілік тілеп, тәрбие процесінде шығармашылық ізденісін өз тәжірибесінде шебер таныла алатын нағыз үздік топ жаруына ізгі тілегін арнады.
Сайысқа қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті:
1 тур: «Сынып жетекшінің портфолиосы» – 5 минут.
2 тур: "Менің жетекшілік бағыттағы жобам" 3 минут.
3 тур: ашық сынып сағаты (сынып сағатының тақырыбы-жоспар бойынша) Ашық сынып сағаттың өткізу уақыты-45 минут.
Аталған кезеңнен өткен қатысушылардың жұмысы арнайы талаптар бойынша сарапталып, жеңіс тұғырынан көрінгендер Мадақтама және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *