Skip to content

2025 жылдың 5 қараша күні “Әріптер әлеміндегі нейроойындар” тақырыбында ЕББҚ…

2025 жылдың 5 қараша күні “Әріптер әлеміндегі нейроойындар” тақырыбында ЕББҚ балалармен ойын өткізілді.
Бүгінгі сабақ барысында оқушылардың тілдік дағдыларын, ұсақ моторикасын, көру назарын және кеңістіктік ойлауын дамытуға бағытталған нейроойындар жүргізілді.
Сабақ аясында келесі жұмыстар ұйымдастырылды:
🔹 Жіптермен әріп жасау – әріптің пішінін сезіну, қимыл-координацияны дамыту, моторлық дағдыларды жетілдіру;
🔹 Ермексаз арқылы әріп жасау – тактильді сезімталдықты арттыру, әріп формасын бекіту, қол бұлшықеттерін шынықтыру;
🔹 Тақтамен жұмыс: бірдей әріптерді қоршау – назар тұрақтылығын дамыту, көру талдағышын жаттықтыру, әріптерді ажырату қабілетін күшейту.
Бұл нейроойындар ЕББҚ балалар үшін өте тиімді, себебі:
✨ Әріпті тану процесін жеңілдетеді
✨ Сөздік қордың қалыптасуына ықпал етеді
✨ Екі жарты шардың үйлесімді жұмысын дамытады
✨ Оқу дағдыларының негізін қалыптастырады
Оқушылар белсенді қатысып, әр тапсырманы қызығушылықпен орындады.
🔤 Әріптер әлемін ойын арқылы меңгеру – баланың дамуын қолдаудың ең тиімді жолдарының бірі!
Қатысқан оқушылар саны: 11
Өткізген: логопед Ж.Ж.Нағашыбай

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *