☘️🌷2025 жылдың 30 сәуір күні «Көркем» қыздар клубының кезекті жиыны жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Бұл жолғы іс-шара «Мәңгілік елдің қыздары ибалы келеді» тақырыбында өтті.
🌺Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық тәрбиенің қайнар көзі болып табылатын қыз бала тәрбиесінің мән-маңызын ашу, жасөспірім қыздардың бойында ибалық, инабаттылық, сыпайылық пен ізеттілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай ұлттық болмысын жоғалтпай, білімді, мәдениетті әрі тәрбиелі қыздарды тәрбиелеуге ықпал ету көзделді.
💐Шара аясында қыз балаларға адамгершілік құндылықтар, отбасындағы, қоғамдағы және болашақ ана ретіндегі рөлі жайлы терең түсінік берілді.
Іс-шара барысында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Менің үйім» атты тренинг жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейне-сюжет көрсетіліп, «Ашық микрофон» әдісі арқылы қыздар сыни ойларын еркін білдірді.
«Биік шың» әдісі бойынша тапсырмалар орындап, «Кубик» әдісі арқылы топтарға бөлініп, бірлесе жұмыс жасады.
Шара соңында «Қоржын» рефлексиясы арқылы іс-шара қорытындыланып, қатысушылар өз ойларын жинақтады.
Қыздар тәрбие мен әдеп туралы өз пікірлерін ортаға салып, бір-бірімен әсерлі және тәрбиелік мәні зор диалог құрды.
Қатысушылар шарадан үлкен әсер алып, болашақта ибалы, инабатты, білімді де мәдениетті қыз болуға талпынатындарын білдірді.
Қатысқан оқушылар саны: 45
🪻Ұйымдастырушы: «Көркем» қыздар клубының жетекшісі — М. К.Жумадилова.
