2025 жылдың 30 сәуір күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күніне орай мектеп кітапханасында «Қазақстан достық мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрменің негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігін, олардың мәдени және рухани құндылықтарын таныту, ел бірлігін нығайтудың маңыздылығын түсіндіру. Көрмеге елімізде тұратын түрлі этностардың тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті туралы танымдық әдебиеттер, халықтар достығын насихаттайтын көркем шығармалар мен тарихи деректер қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы басылымдар, мемлекеттік бірлік пен тұрақтылықты баяндайтын еңбектер және балаларға арналған әдеби кітаптар да оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты:
«1 мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақстан достық мекені» атты кітап көрмесінің мақсаты – оқушыларға еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен бірлігі туралы мәлімет беру, Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен достықты насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Көрме арқылы жас ұрпақтың бойында, өзара құрмет пен ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру көзделеді.
Көрмеге қоиылған кітаптар тізімі
1. Қазақстан халықтары. Энциклопедия – Қазақстанда өмір сүретін ұлттар мен ұлыстар жайында.
2. «Менің Қазақстаным» (Балаларға арналған танымдық альбом) – ел тарихы, рәміздері, халықтар достығы туралы.
3. Қазақстан халықтарының ертегілері – түрлі ұлт өкілдерінің халық ертегілері.
4. Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері мен тағамдары – иллюстрациялық танымдық кітап.
5. «Татулық пен тұрақтылық жолында» – Қазақстан халқы Ассамблеясы және Президент жолдауларынан үзінділер;
6. «Балалар әлемі» – оқушыларға арналған ертегілер мен суретті кітаптар.
7. “Салт-дәстүр – халықтың қазынасы” – этнографиялық және мәдени танымдық әдебиеттер
