Skip to content

📅 2025 жылдың 3 желтоқсан күні 📍 №5 мектеп-лицейі 🔸…

📅 2025 жылдың 3 желтоқсан күні
📍 №5 мектеп-лицейі

🔸 “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” акциясы аясында,
балаларға қатысты зорлық пен қатыгездіктің алдын алу мақсатында
10-сынып оқушыларымен “Жағымды қарым-қатынас” атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

🎯 Мақсаты:
Оқушылар арасында өзара сыйластықты қалыптастыру,
қарым-қатынас мәдениетін дамыту, агрессия мен зорлыққа жол бермеудің жолдарын үйрету.

🔹 Тренинг барысында оқушылар түрлі жаттығулар мен рөлдік ойындар арқылы жағымды тіл табысу, бір-біріне қолдау көрсету және түсіністік танытудың маңызын ұғынды.
🔹 Жасөспірімдерге қоғамдағы зорлық-зомбылықтың салдары мен оның алдын алу жолдары түсіндірілді.

👥 Қатысушылар саны: 16 оқушы
👩‍🏫 Ұйымдастырған: әлеуметтік педагог
П.А. Бакеева

📌 Жағымды қарым-қатынас – зорлықтың алдын алудың алғашқы қадамы!
#ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #АдалАзамат #ЖағымдыҚарымҚатынас

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *