2025 жылдың 26 сәуір күні дене шынықтыру пәні нұсқаушысы Б.А.Машаковтың ұйымдастыруымен 10 -11 сынып Әкелері мен оқушылары арасында футбол жарысы өтті. Мақсаты: отбасы мүшелерінің, әсіресе әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлік пен өзара түсіністікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт арқылы тәрбиелік мәні бар құндылықтарды дамыту.
Қатысушылар мен көрермендердің бойында ойын барысында түрлі эмоциялар пайда болды. Қуаныш пен толқу – Гол соғу, жақсы ойын көрсету, жеңіске жету сәттері ерекше қуаныш сыйлады. Әке мен бала бірге ойнап, бір мақсатқа ұмтылған кезде олардың арақатынасы нығая түсті. Сонымен қатар ойын барысында тәртіп, сыйластық, қарсыласқа құрмет сияқты құндылықтар қалыптаса түсті.
Нәтижесінде:
1 орын – 11б сынып командасы
2 орын 10б сынып командасы
3 орын – 11а сынып командасы
Алғыс хат – 10а сынып командасы
Қатысқан ата-ана саны-4.
Оқушы саны: 30.
