Skip to content

2025 жылдың 25 қараша күні мектеп директорының жанында үйден оқитын…

2025 жылдың 25 қараша күні мектеп директорының жанында үйден оқитын 5 Б сынып оқушысы Заки Мадияр мен анасы Нұрмұхамедова Ләззат Ғазизқызымен кездесу өткізілді.

Кездесуге мектеп директоры, директор орынбасарлары, дефектолог, логопед, психолог, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. Үйден оқитын оқушының оқу жетістіктері, мінез-құлық ерекшеліктері және бейімделу жағдайы.
2. Түзету-дамыту сабақтарының өту барысы, қатысу деңгейі және нәтижелері.
3. Пән мұғалімдерінің ұсыныстары мен баланың оқу процесінде кездесетін қиындықтары.
4. Ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу жолдары, үй жағдайында қолдау көрсету тәсілдері.
5. Оқушының жеке білім беру бағдарламаларының орындалу барысы.

Кездесу қорытындысы бойынша ата-анаға бірқатар ұсыныстар берілді және мектеп тарапынан қолдау шаралары белгіленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *