Skip to content

2025 жылдың 25 қараша күні мектеп директорының жанында ЕББҚ 1А…

2025 жылдың 25 қараша күні мектеп директорының жанында ЕББҚ 1А сынып оқушысы Қайырбекұлы Дарынның анасы Зарипова Эльмира Ғалуллақызымен кездесу өткізілді.

Кездесуге мектеп директоры, директор орынбасарлары, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент және сынып жетекшісі қатысты.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. ЕББҚ оқушының оқу жетістіктері, мінез-құлық ерекшеліктері және бейімделу жағдайы.
2. Түзету-дамыту сабақтарының өту барысы, қатысу деңгейі және нәтижелері.
3. Пән мұғалімдерінің ұсыныстары мен баланың оқу процесінде кездесетін қиындықтары.
4. Ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу жолдары.
5. Оқушының бейімделген оқу бағдарламасымен жұмыс жасау барысы

Кездесу қорытындысы бойынша ата-анаға бірқатар ұсыныстар берілді және мектеп тарапынан қолдау шаралары белгіленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *