2025 жылдың 24 қараша күні 6г сынып оқушыларымен кітапханашылардың ұйымдастыруымен Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына библиографиялық шолу.
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, аудармашысы және ХХ ғасыр поэзиясының тың серпін әкелген өкілдерінің бірі. Ол Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген. Өлеңге ерте жастан құмар болған ақынның алғашқы жырлары жасөспірім шағында-ақ баспасөзде жарық көре бастады.Жұмекен Нәжімеденов «Жерұйық», «Ақ шағыл», «Күй кітабы» сияқты поэзиялық жинақтарымен танылды. Оның поэзиясы терең философиялық ойға, ұлттық болмыс пен адамдық мұраттарды жырлауға құрылған. Сондай-ақ ол прозалық шығармалар, балаларға арналған өлеңдер жазды, шетел ақындарының туындыларын қазақ тіліне аударды.
Мақсаты:
• Оқушыларға Жұмекен Нәжімеденовтің өмір жолын, өнердегі орны мен шығармашылық мұрасын таныстыру.
• Ақын жырлары арқылы оқушыларды туған жерді сүюге, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
• Оқушыларды кітап оқуға, поэзияға қызығушылығын арттыру.
Қатысқан оқушылар саны: 19 оқушы
