2025 жылдың 24-27.11 қараша аралығында “Ұсақ моториканы дамыту ойыны: “Суретті жіппен қайталау” тақырыбында түзету-дамыту сабақтары жүргізілді📌
Бүгінгі түзету–дамыту сабағында балалармен ағаш тақтайшадағы дайын тесіктерге жіптерді ішінен өткізіп, үлгі бойынша сурет құрастырып қайталау жұмысы жүргізілді.
Бұл ойын:
✔️ ұсақ қол моторикасын дамытады;
✔️ көз–қол координациясын шыңдайды;
✔️ кеңістіктік бағытты (оң–сол, жоғары–төмен) меңгеруге көмектеседі;
✔️ ойлау, назар тұрақтылығы мен дәлдікті арттырады;
✔️ шығармашылық қабілетті дамытады.
Балалар жіпті дұрыс бағытта өткізіп, суретті дәл әрі әдемі шығару үшін үлкен ынтамен жұмыс жасады. Мұндай тапсырмалар ұсақ моториканы ғана емес, сөйлеудің дамуына да оң ықпал етеді.
🔸 Қарапайым, бірақ өте тиімді әдіс!
🔸 Үйде де қайталап орындауға болады.
Өткізген: мектеп логопеді Ж.Ж.Нағашыбай
