📚2025 жылдың 23 мамыр күні «Білімім – Отаныма» республика көлемінде бірыңғай форматта «Білімім – Отаныма» атты сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сынып сағаты барысында оқушыларға отаншылдық рухты оятатын, білім мен еңбекке деген құрметті дәріптейтін, елге қызмет ету, адалдық пен жауапкершілік сынды асыл құндылықтар оқушыларға ресурстар арқылы жеткізілді.
Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасыныңх құндылықтарына басымдылық беріп, түрлі форматта жұмыстар өткізілді.
Оқу жылының қорытындысын «Білімім – Отаныма» сынып сағатымен түйінделді. Оқушыларға танымдық кітаптар мен фильмдердің тізімі беріліп, демалыс кезін тиімді өткізу ұсынылды. Қауіпсіздік шаралары бойынша да алдын ала жұмыстар жүргізіліп, бейнематериалдар ұсынылды.
Білім —болашақтың бастауы. Жыл бойы өткізілген барлық сынып сағаты тек тәрбие емес, оқушының тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды алаңға айналды.
Сыныпжетекшілер:
8а-М.Ж.Сағымбаева,
8б-А.Е.Жанелова,
8в-Г.М.Тансыкбаева,
8г-Г. М. Тансыкбаева.
#СоңғыҚоңырау2025 #БілімімОтаным #АшықСабақ #МектеппенҚоштасу #Түлектер2025 #МеніңАрманым #ОтандыСүй
