Skip to content

2025 жылдың 19 желтоқсаны күні ЕББҚ оқушылармен «Дән терапиясы: қол…

2025 жылдың 19 желтоқсаны күні ЕББҚ оқушылармен «Дән терапиясы: қол моторикасын дамыту» тақырыбында дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: табиғи дәндермен жұмыс жасау арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, саусақ қимылдарының дәлдігі мен үйлесімділігін арттыру және қол моторикасы арқылы сөйлеу белсенділігін жетілдіру.
Сабақ барысында балалар табиғи дәндермен жұмыс жасап, әртүрлі фигураларды құрастырды. Бұл жұмыс ұсақ қол моторикасын дамытуға, саусақ қимылдарының дәлдігін арттыруға және екі қолдың үйлесімді жұмыс істеуіне бағытталды. Дәндерді іріктеу, орналастыру және жапсыру барысында балалардың зейіні, шыдамдылығы мен сенсорлық қабылдауы дамыды. Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу белсенділігіне оң әсер етіліп, сөздік қорды кеңейтуге жағдай жасалды.
✨ Табиғи материалмен жүргізілген логопедиялық жұмыс балалардың қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *