Skip to content

2025 жылдың 19 желтоқсан күні «Бұл не болуы мүмкін?» атты…

2025 жылдың 19 желтоқсан күні «Бұл не болуы мүмкін?» атты арттерапия өткізілді. 📚
Арттерапия – адамның ішкі сезімін, эмоциясын және ой-толғанысын шығармашылық әрекет арқылы (сурет салу, бояу, мүсіндеу, коллаж жасау, музыка, қимыл) білдіруге және реттеуге бағытталған психологиялық-педагогикалық әдіс. ✏️Бұл тәсіл сөзбен жеткізуі қиын күйзеліс, қорқыныш, уайым сияқты сезімдерді қауіпсіз түрде сыртқа шығаруға көмектеседі.👩🏻‍🎨
Негізгі мақсаттары:
• эмоциялық күйді тұрақтандыру
• өзін-өзі тану мен өзін бағалауды дамыту
• қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру
• қиял мен шығармашылық қабілетті дамыту
• мазасыздық пен ішкі кернеуді азайту.
Арттерапия әсіресе ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс кезінде тиімді. Ол баланың есте сақтау, зейін, ұсақ моторика, көрнекі қабылдау және сөйлеу белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Қатысқан оқушылар саны:8
Ұйымдастырушы: А.Қ. Балтабаева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *