2025 жылдың 15 мамыр күні Отбасы мерекесіне орай
“Шығармашылық әлемі” атты ЕББҚ оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізілді. Балаларға бірнеше тапсырмалар берілді. Атап өтетін болсақ:
✅1-тапсырма: «Менің Отбасым» Таяқшалармен жұмыс.
Мақсаты: Ойын арқылы балалардағы қарым- қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке баулу. Балаларға таяқшалар беріледі. Сол таяқшаға әр бала отбасы мүшелерін бейнелейді.
✅2- тапсырма: «Ойнайықта ойлайық»
Мақсаты: балаларға түрлі- түсті ажырату арқылы шаңырақ жапсыру арқылы балаларды оқу іс- әрекетіне деген қызығушылығын дамыту.
✅3- тапсырма: «Нейрогимнастика»
Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады.
Ұсақ және ірі моториканы дамытады.✋🏻
Нейро-ойындардың негізгі мақсаты:
• Зейінді шоғырландыруды үйрету
• Жадыны (есте сақтауды) дамыту
• Қабылдау мен реакцияны жылдамдату
• Екі ми жартышарымен жұмыс істеу дағдысын дамыту
• Логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту
✅4-тапсырма: Шариктермен сергіту ойыны
Мақсаты: Балалар екі түсті допты қорапқа екі қолымен қатар жұмыс жасауы арқылы шатаспай қорапқа салуы қажет
✅5-тапсырма: Рефлексия. Смайликтермен жұмыс.
Балаларға смайликтер беріледі. Әр бала өзіне смайликтер таңдап, сол смайлик арқылы эмоциясын көрсетеді.
Тапсырмаларды орындап болған соң, балалар белсенділіктері үшін әр түрлі номинациялармен марапатталды📃
Қатысқан оқушылар саны: 9 оқушы.
Қатысқан мұғалімдер саны: 2
Өткізген: арнайы педагог Балтабаева Ақниет, педагог-логопед Нағашыбай Жарқынай
