2025 жылдың 12 желтосан күні 10 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында «Көңілді эстафеталық» сайыс өтті. Мақсаты – ұжымдық бірлік пен достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Командалар әр кезеңде өз шеберліктері мен жылдамдығын көрсетіп, барынша жақсы нәтиже көрсетуге тырысты. Оқушылар өз жастық жігерін танытса, мұғалімдер тәжірибе мен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Командалар бір-бірін қолдап, жақсы көңіл-күй сыйлады.
Сайыс өте тартысты өтті, алайда ең бастысы – жеңіс емес, бірлік пен достық болды.
Өткізген: Дене шынықтыру пәні нұсқаушысы Б.А.Машаков
