2025 жылдың 11 сәуір күні мектебіміздің ұстазы, «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласы үздігі», «Мәдениет майталманы», «Қазақстан авторлық қоғамы мүшесі» Сайлаубек Елманұлының мерейтойлық шығармашылық кеші ұйымдастырылды. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткен шараға ақын шығарамшылығын дәріптеуге ұжым мүшелері атсалысты. Композитордың туған жері, кіндік қаны тамған жеріне арнаған әндері – бір төбе. Еңбек жолында әр өңірге түрлі ұсыныс түссе де, айналып өз туған жерінен алысқа аттамаған ақынның «Шалқарым» әнін мектебіміздің «Ағылшын тілі» әдістемелік бірлестігі орындады. “Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі” атынан ағайдың ақындық жолындағы ізбасары, Гүлжанат Жәрдембергенқызы ақынға арнауын оқыды. «Математика және информатика» пәні бірлестігі «Арманым» әнін орындаса, жас ұстаздары: «Ауылға барғанда», «Ұлыма», «Алып сатар ағайынға», «Менің досым» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Орыс тілі» пәні әдістемелік бірлестігі атынан Мақсат Талмағанбетұлы «Алып келем» әнімен тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Ақынның алғашқы қалам тербеген тақырыптарының бірі ұстаздар қауымы мен алтын ұя мектебін арқау еткен «Мектебім» әнін “Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі” орындады.Сонымен қатар
ағайдың өнерге баулыған, қазіргі таңда елге танылып жүрген, сахна әлемінде жұлдыз атағына ие болған “Шалқарлық” шәкірттері атынан бүгінгі кешіне құттықтау тілегін арнады. (Қ.Молжанов, Е.Төлегенов).
