2025 жылдың 11 – 12 желтоқсан аралығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл және 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне 40 жыл қарсаңында ұйымдастырылатын тарихи – танымдық шара. Көрменің мақсаты – оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды оқиғаларды, Желтоқсан көтерілісінің мәнін, ондағы жастардың ерлігін, ел тарихындағы маңызын кітаптар, құжаттар, естеліктер, фотоматериалдар арқылы таныстыру. Бұл көрме ел тарихындағы маңызды оқиғаларды, тәуелсіздік жолындағы күресті, халықтың ерлігі мен ұлттық рухты көрсетуге бағытталған. Көрмеде Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңдеріндегі саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер мен даму жолы, сондай-ақ тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар мен батырлар туралы кітаптар, мақалалар, естеліктер, фотоматериалдар және басқа да басылымдар ұсынылады.
Көрмеге қойылатын кітаптар мен басылымдар арасында:
1. Қазақстанның тәуелсіздік тарихы – еліміздің егемендігін алу жолындағы маңызды кезеңдер мен тарихи оқиғалар.
2. Қазақ халқының ерлігі мен батырлығы – тәуелсіздік үшін күрескен батырлар, саяси қайраткерлер туралы шығармалар.
3. Қазіргі Қазақстанның дамуы – тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, мәдени және саяси жетістіктері туралы кітаптар.
4. Қоғамдық және мәдени салалардағы жетістіктер – еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі мәдениет, білім, ғылым салаларындағы прогресс.
Бұл көрме – жастарды, оқушыларды еліміздің тәуелсіздігі жолындағы тарихи мұраны зерттеуге, ұлттық құндылықтарды сақтап, құрметтеуге бағыттайтын маңызды шара болып табылады.
Қатысқан оқушылар саны: 298.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_adistemelik_ortalyk
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана
#БалаларКітапханасы
#ОқуғаҚұштарМектеп
