2025 жылдың 10 желтосан күні аудандық олимпиадаға қатысатын оқушыларға арнайы психологиялық қолдау тренингі ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушылардың алдағы сайысқа деген сенімділігін арттыру, толқу деңгейін төмендету және өз мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беру болды. Тренингке қатысқан оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, мотивациялық тапсырмалар арқылы өздерін жақсырақ танып-білуге мүмкіндік алды.
психологиялық қолдау оқушылардың дайындық деңгейін күшейтіп, олардың жарысқа оң көзқараспен баруына ықпал етті. Әрбір оқушының ішкі әлеуетін ашуға, өз күшіне сенуге және жауапты сәттерде өзін дұрыс ұстай білуге бағытталды.
Қатысқан оқушы саны: 37
Өткізген: Психолог Г.К.Кәрібай
