2025 жылдың 10 қараша күні 10 “Б” сыныбында “Татулық – бірлік бастауы” тақырыбында “Ортақ сурет” тренингі өтті ✨
Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сынып ішіндегі татулықты нығайту.
Тренингтің басында оқушылар бір-біріне жүректі бір-біріне беру арқылы жылы сөздер айтып, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырды. Бұл жаттығу олардың бір-біріне деген сенімі мен қолдауын арттырды.
Татулық пен достыққа негізделген негізгі тапсырмада оқушылар парталас досымен бірігіп, ортақ сурет салды. Бірлескен жұмыс арқылы олар ынтымақтың, түсіністіктің және өзара сыйластықтың маңызын сезінді. Тренинг соңында әр жұп өздерінің ортақ суреті арқылы бірлік, татулық, достық, сыйластық сияқты құндылықтарды қалай түсінетінін салған суреттері арқылы баяндады.
Осындай тренингтер оқушылардың бір-біріне жақындай түсуіне және сыныптағы жылы орта қалыптасуына ықпал етеді✨
Қатысқан оқушылар саны: 14
Өткізген: дефектолог А.Қ.Балтабаева, логопед Ж.Ж.Нағашыбай
