📅 2025 жылдың 08 желтоқсан күні
👮♂️ "Заң және Тәртіп" айлығы аясында "Құқықтық тәрбие – жетістік кепілі" тақырыбында 9б, 9в сынып ер балалары мен олардың ата-аналарымен арнайы жиын ұйымдастырылды.
🗣️ 9-сынып – бұл өмірлік маңызды шешімдер қабылдайтын, кәмелетке толуға жақындаған жауапты кезең. Біздің басты мақсатымыз – заңға мойынсұнатын, қоғамға пайдалы, тәртіпті азамат болып қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мәселедегі мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы өте маңызды.
🎯 Күн тәртібінде талқыланған мәселелер:
🔷Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;
🔷Құқықтық жауапкершілік: 16 жасқа толған (кей жағдайда 14 жасқа толған) оқушылардың ҚР Әкімшілік және Қылмыстық Кодекстеріне сәйкес жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерту;
🔷Жиі кездесетін бұзушылықтар:
Ұсақ бұзақылық (қоғамдық орындарда айқайлау, басқалардың тыныштығын бұзу);
🔷Қоғамдық тәртіпті бұзу (төбелес, вандализм);
🔷Түнгі уақыттағы шектеулер: Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 23:00-ден кейін көшеде және ойын-сауық орындарында жүруіне тыйым салынуы.
Жиынға қатысқан:
Сынып жетекшісі:
Г. М. Тансыкбаева.
