📚 2025 жылдың 05 желтоқсан күні Шалқар аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес #5 мектеп-лицейінің "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес атқарлып жатқан жұмыстар зерделенді.
Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскелер Н.М.Қалықбаев, М.С.Кубеева, С.З.Есбосынов, А.С.Сабанбаева
мектептің тынысымен танысып, сыныптарды аралады. Бақылау барысында мектептің ішкі-сыртқы жағдайы, оқушылардың қатысымы, ыстық тамақпен қамтылуы, кітаптардың жеткілікті болуы, негізгі құжаттар, электрондық журналдың толтыруы, оқу-әдістемелік жұмыстар тексерілді.
Сонымен қатар білім деңгейі төмен білім алушылармен атқарылған жұмыстардың қорытындысына назар аударылды.
