2025 жылдың 05 желтоқсан күі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар жобасы» аясында мектебімізде оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған «Коворкинг» орталығының ашылу рәсімі өтті.
Шараның ашылу салтанатына қатысушы қонақтар:
Шалқар аудандық білім бөлімінің әдіскерлері:
1. Қалықбаев Нұрдәулет Мұқанбеткерімұлы.
2. Кубеева Малика Сәкенқызы
3. Саманбаева Акжайна Сериковна
4. Есбосынов Сәбит Зұлқашұлы
Орталықтың жабдықталу мазмұны бойынша 9а-сынып оқушысы Абдулла Гүлденай таныстырды:
🔸 Ыңғайлы жұмыс аймақтары
🔸 Буккроссинг бұрышы
🔸 Балалар кітапханасы
🔸 Шығармашылық және дизайн бұрыштары
🔸 Жоба қорғау, талқылау және бейресми кездесулерге арналған аймақтар жұмыс істейді.
6а – сыныбы оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай бірқатар өлеңдері мен қара сөзін жатқа оқыса, мектептің «Жас тілші» ұйымы жетекшісі – Безервянская Милана әр сыныптың баспасөз бетіне жазылу саны, жарияланымын ұсынды. Абдулхәкімқызы Іңкәр мектеп кітапхана мұрағатында сақталған әдеби кітаптар мен жұрналдар жайында және 8а сыныбы оқушысы Оспанова Гүлім «Шабыт» жобасы аясында әзірленген көрмені таныстырып, кітапхана қорының маңыздылығын оқырман назарына жеткізді.
