Skip to content

2025 жыл 8 мамыр күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы»…

2025 жыл 8 мамыр күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Ұмытылмас ерлік» атты кітап көрмесі өтті. Көрме арқылы сол бір қасіретті де қаһарман жылдарды еске алып, соғыс ардагерлерінің ерліктерін оқушылар жадында сақтау көзделеді. Көрмеде архивтік құжаттар, фотосуреттер, ардагерлер туралы деректер қойылады.
Көрмеге қойылған кітаптар:
• Бауыржан Момышұлы – «Арпалыс», «Ұшқан ұя»Қазақтың аңызға айналған батыр қолбасшысы өз естеліктері арқылы соғыс шындығын шынайы жеткізеді.
• Әзілхан Нұршайықов – «Ақиқат пен аңыз»Батыр Бауыржан Момышұлының өмірі мен соғыстағы ерлігі жайлы көркем естелік-диалог.
• Иван Васильев – «Мәскеу үшін шайқас» (орыс тілінен аударма)Мәскеу түбіндегі тарихи шайқасты баяндайтын деректі кітап.
• Жеңіс сарбаздарының хаттары мен естеліктер жинағы – «Естелік – Жеңіс жалыны»
Ардагерлердің ауызынан жазылған хаттар мен күнделіктер – шынайы тарихтың айғағы.
• Қасым Аманжолов – Өлеңдер жинағы («Ақын өлімі туралы аңыз», «Дариға, сол қыз»)
Соғыс тақырыбындағы патриоттық, терең поэзия.
• Михаил Шолохов – «Адам тағдыры» (аударма)Соғыс жылдарындағы қарапайым адамның ауыр тағдырын баяндайтын әсерлі әңгіме.
• Солдат күнделіктері мен фронттық очерктер жинағы – «Мәңгілік ерлік»
Соғыс даласындағы өмірді нақты суреттейтін очерктер.
Мақсаты:
• Оқушыларға Ұлы Жеңіс тарихын жеткізу.
• Батырлардың ерлігін дәріптеу арқылы патриоттық сезім қалыптастыру.
• Тарихи жадыны жаңғырту, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
• Оқушыларға Ардагерлердің жанқиярлық ерлігін ұлықтау және құрмет көрсету.
Қатысқан оқушылар саны: 128

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *