2025 жыл 20 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» айлығы аясында Қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту және тәртіпке негізделген жауапкершілік қағидатын қалыптастыру мақсатында 9-11 сынып ер балалары арасында «Бір қадам тәртіп — мың қадам болашақ» атты белгілі тұлғамен еркін форматта кездесу өтті.
Кездесудің құрметті қонағы Ақтөбе полиция департаменті, арнайы кәсіби даярлық басқармасының аға инспекторы, полиция майоры, Шалқар ауданы бойынша ішкі істер бөлімінің кураторы Наурызбаев Қанат Төлегенұлы.
Ер балалар ішкі тәртіп пен қоғамдық тәртіп арасындағы байланыс, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру тетіктері туралы мазмұнды ақпарат алды. Сонымен қатар өз көзқарастарын ортаға салып, мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Қатысқан оқушы саны: 40
Өткізген: мектеп психологі: Г.К.Кәрібай
