2024 жылдың 03—04 сәуір күндеріне арналған облыстық көлемде үстел теннисінен ардагер ұстаз, спорт жанашыры «Жыл адамы-2015», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалінің иегері Резванов Ильяс Куандыковичті еске алуға арналған бірінші жекелей және командалық ашық турнирі басталды. №5 мектеп-лицейі базасында ұйымдастырылған турнирге қатысушы командалар:
1. Арал ауданы командасы
2. Ақтөбе қаласы командасы
3. Алға қаласы командасы
4. Мәртөк ауданы командасы
5. Мұғалддар ауданы командасы
6. Ырғыз ауданы командасы
7. Шалқар ауданы командасы.
Шараға қатысушы қонақтар қатарында:
1.Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысы – Бұқарбаев Қамбар Бүркітұлы.
2. Ильяс Куандыковичтің баласы Вадим Ильясович.
3. Ауданымыздың спорт ардагерлері және спорт мектебі басшылары қатысты.
Шара барысында «Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімі» басшысы Қ.Б. Бұқарбаев бүгінгі шара әріптестері мен еңбек жолындағы азаматтардың ұстаздың еңбегін жас ұрпаққа ұлықтау мақсатында облыс деңгейінде көрсетілген құрметі екенін атап өтіп, спорттық жарысқа келген қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұстаздың еңбек жолы жайында бейнебаян көрсетіліп, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар мектебіміздің ұстазы Піралина Гүлжанат Жәрдембергенқызы Ильяс Куандыковичке арнауын оқыды. Мектеп жанынан құрылған «Болашақ» хор ұжымы орындауында ән «Қазақстан- егемен елім» әнін, І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ-нің 5а-сынып оқушысы Қасқырбаев Нұрғазы «Бірлігіміз жарасқан» әнін орындады.
Екі күнге созылатын жекелей және командалық ашық турниріне қатысушы қонақтарға сәттілік тілейміз.
