06.05.2025
“Артикуляциялық жаттығулар” арқылы түзету сабағы өткізілді.
📌Артикуляциялық гимнастика — артикуляция апаратының (таңдай, тіл, жүгенше, төменгі ауыз қуысы) мүшелерінің дұрыс орналасуын және қозғалысқа дайындауды қамтамасыз ететін жаттығулар кешені.
📌Олардың негізгі мақсаты — дыбыстарды дұрысты айта білу үшін артикуляциялық аппараттың қозғалмалығын дамыту.
Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады✅
Олар:
🔸«Сағат тілі»
Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
🔸 «Тісімізді тазалаймыз»
Жымиып, тістерді көрсету. Ауызды ашып, тілдің ұшымен жан – жаққа, одан кейін жоғарыдан төмен қарай қозғалыстарды жасау.
🔸 «Инеше»
Ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10 – 15 секунд ұстап тұру керек.
🔸«Тәтті тосап»
Жымиып, ауызды ашып, «кесе» түрдегі жалпақ тілмен жоғарғы ерінді жалау.
🔸«Әткеншек»
Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.
🔸«Ашуланған мысық» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
🔸«Жымию-Түтікше»
Ернімізді қалыпты ұстап, күлеміз. Кейін ерніміз жиырылып түтікше түріне жасалады. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6 – 8 рет орындалады.
🔸«Қақпа»
Ауызымызды ашып, күлеміз, тістерімізді көрсетеміз
🔸«Футбол»
Ауыз жабық күйде, тілді оңға қарай, содан соң солға қарай тіл ұшымен бетті доп тәрізді томпайту.
Өткізген: педагог-логопед Нағашыбай Ж.Ж
